Елбасы - қазақтың мемлекеттігін қайта жандырушы тұлға. Сол себепті, Елорда атауының Нұр-Сұлтан деп өзгеруі саяси тұрғыда орынды шешім. Бүгін жастар ұйымдарының жетекшілері мен жас көшбасшылар қазақстандық жастарға үндеу жасап, тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті айқындаған стратегиялық бағытқа қолдау көрсетуде бірлік пен татулық танытуға шақырды. Үндеуде «Елбасының есімі тарихта алтын әріппен жазылары сөзсіз. Сондықтан да оның есімі әрқашан мемлекеттілік, тәуелсіздік секілді құндылықтармен пара-пар», делінген.
Ілия Түстікбаев, Қазақстан студенттер альянсының төрағасы:
Қазіргі кезде жастар тарихи сәттерге куә болып жатырмыз. Бұл біздер үшін үлкен сенім деп білеміз. Себебі, біз, осы тәуелсіздік жылдарында дүниеге келген жастар Елбасының салған дара жолымен жүріп келдік. Және де ары қарай да осы жолды жалғастырамыз.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ