Елордамыздың Нұр-Сұлтан деп аталуын көкшетаулықтар да қолдайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордамыздың Нұр-Сұлтан деп аталуын көкшетаулықтар да қолдайды

25.03.2019

Ақмола облысының орталығында Астананың Нұр-Сұлтан болып өзгеруін қолдауға арналған мерекелік концерт өтті. Қала тұрғындары, Елорданың қалыптасуы мен өркендеуі жолындағы Ұлт көшбасшысының ерең еңбегіне ризашылығын білдірді. Халық қаланың енді Нұр-Сұлтан деп аталуын қуанышпен қабыл алуда. Бас қала мен Ақмола облысын тығыз экономикалық қарым-қатынас байланыстырады. Елорданың азық-түлік белдеуін қамтамасыз ету Ақмола аймағына жүктелген.

Елордамыздың Нұр-Сұлтан деп аталуына талдықорғандықтар да ерекше қолдау білдірді. Қала тұрғындары мен қонақтары үшін эстрада жұлдыздары өнер көрсетті. Жастар саябағының орталық алаңына 23 мыңнан астам адам жиналды. Нұр-Сұлтан қаласы - еліміздің айнасы. «Әлем Қазақстанның бас шаһарын ұлт көшбасшысының арқасында таныды»,- дейді көпшілік.

Хабарламаларға жазылу