Басты Жаңалықтар Тәуелсіздік жылдары Елбасы жетекшілігімен қол жеткізген толағай табыстар

Тәуелсіздік жылдары Елбасы жетекшілігімен қол жеткізген толағай табыстар

Қазақстан Кеңес Одағы қирандасы астынан қысқа уақытта қуатты елге айналып, құдіреттеніп шықты. Қанатын кеңге жайған тастүлектей сәт санап заңғар көкке самғады. Қазақстан тәуелсіздіктің ширек ғасырдан астам уақытында ширақ адымдар жасады. Төрт құбыласын түгендеп, шекарасын шегендеп, мемлекеттілігін бекемдеді. Экономикалық іргелі реформалар жасап, саяси тұрақтылықтың тұғырын тереңдетті. Тарихи өлшеммен қарағанда қас-қағым уақыт аралығында әлемдік қауымдастықтың төріне озып, төрелік айтатын дәрежеге жетті. Жаңа Астана салып, ұлттық руһты асқақтатты. Әлбетте, қазіргі уақытта өткендегі қиыншылықтар елес сияқты. Әрине, бүгінгі жетістікке де тоқмейлісуге болмайды. Бірақ, елдің еңсе тіктеп, өркенге бет бұрып, дамудың даңғылына түсуі тікелей салиқалы саясат пен тарихи шешімдердің арқасы. Елбасы жетекшілігімен Тәуелсіздік жылдары қол жеткізген толағай табыстар мен  Қазақстанның жүріп өткен қатпары қалың жолына қазір бір көз жүгіртсек артық болмас.

 

Ержан ҚАЛЫМБАЙҰЛЫ 

Бөлісу