Қоғамдық ұйымдар мен еңбек ұжымдары елорданың Нұрсұлтан аталуын қолдайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қоғамдық ұйымдар мен еңбек ұжымдары елорданың Нұрсұлтан аталуын қолдайды

22.03.2019

Қоғамдық ұйымдар мен еңбек ұжымдары елорданың Нұрсұлтан деп аталуына қолдау білдіріп отыр. Егемен еліміздің қалыптасып, өсіп-өркендеуіне ерен еңбек сіңірген Тұңғыш Президентіміз бұл құрметке әбден лайық деп біледі.

Келдібай Есмағамбетов, «Бейбітшілік және келісім» ҚБ облыстық филиалының төрағасы:

Тұңғыш Президенттің атын Астанаға беру бұл уақытында қолға алынған іс-шара. Себебі, қазіргі кезде Астана дүниежүзіндегі халықаралық деңгейдегі бейбітшілік пен ынтымақты қолдайтын үлкен бір алаңға айналды. Түрлі мемлекеттер осында бас қосып, өздерінің болашағын Астана арқылы айқындап, достықта өмір сүру дәрежесін жақсартуға үлес қосып келе жатыр.

Ғалымжан Байдербес, «Қос шынар» қоғамдық бірлестігінің төрағасы:

Нұрсұлтан атын қалаға беру дұрыс. Президент Астананың әрбір тасы менің қолымнан өтті деп талай айтты. Қазақстанды бүкіл дүниежүзі танитындай ету, кім болса соның қолынан келмейді. Сондықтан, дұрыс деп есептеймін.

 

Хабарламаларға жазылу