Тұңғыш Президентіміз тәуелсіз қазақ елінің жаңа астанасын салу туралы батыл шешім қабылдап қана қоймай, оның құрылысын да бастан-аяқ назарда ұстады. Нұрсұлтан Назарбаев үлкен саяси тәуекелге барған бұл шешімнің дұрыстығын өмірдің өзі көрсетіп отыр. Себебі қазір бас қаламыз, тек көрікті шаһарға ғана емес, шетелден белсенді түрде инвестиция тартып отырған, ірі даму орталығына айналды. Сондықтан Астананың атын Нұр-Сұлтан деп өзгерту - көптің көкейінде жүрген мәселе. Ұлттық арнаға сұхбат берген ресейдегі қазақ диаспорасының өкілдері осылай дейді.
Әбуислам Тұрсынбаев, Мәскеудегі «Қазақ тілі» қоғамдық ұйымының төрағасы:
- Мұны халық беріп отыр. Меніңше, бұл тек Президентіміз Тоқаевтың ғана емес, халықтың ұйғарымы сияқты. Аты да, заты да, барлық жағынан келіп тұр. Қазақтың алғашқы президенті. 30 жыл бойы елімізді көркейтіп келе жатыр.
Нұртас СОЛТАНҰЛЫ