Өскемен қаласындағы Тәуелсіздік даңғылы Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы болып өзгеред - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскемен қаласындағы Тәуелсіздік даңғылы Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы болып өзгеред

20.03.2019

Өскемен қаласындағы Тәуелсіздік даңғылы Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы болып өзгереді. Көше атауын өзгертуді тұрғындар ұсынып, бүгін қалалық әкімдікке 4 хат жолдаған. Бастаманы ең бірінші болып металлург, дәрігер және мұғалімдер жұмыс істейтін ірі кәсіпорындар көтерген. Шығыстың бас шаһарындағы қоғамдық кеңес мүшелері де облыс орталығындағы ең үлкен көшені Елбасының есімімен атауды ұсынған. Қалалық мәслихат депутаттары Тәуелсіздік даңғылын Назарбаев даңғылы деп өзгертуге бірауыздан дауыс берді.

 Ринат Ахметжанов, қалалық мәслихат депутаты:

Бәсекеге қабылетті, абыройлы, бүкіл әлемге танылған Қазақстан Республикасының аты бүгінгі таңда Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен тығыз байланысты. Осы сәтте барлық қала жастары әлеуметтік желілер арқылы өздерінің тілектерін білдіруде. Өскемен қаласының Тәуелсіздік даңғылын Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы деп өзгертуге шын мәнінде қолдау білдіреміз.

 

Берік КӨШЕРБАЕВ

Хабарламаларға жазылу