Елорда мен Елбасы егіз ұғым - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елорда мен Елбасы егіз ұғым

20.03.2019

Астана –  Елбасының жасампаз қолтумасы және қайталанбас жауһары. Елорда Сарыарқа төсіне Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей күш-қайраты, саяси ерік-жігері арқасында дүниеге келді. Іргесі қаланды, ілгері жылжыды. Аз уақытта жазық дала заманауи қалаға айналып әлемге әйгілі болды.

Мәулен Әшімбаев, «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

Астананың есімін ауыстыру өте орынды шешім деп қабылдаймын. Себебі, Астананың өмірге келуі, Астананың салынуы барлығы Елбасының еңбегінің арқасы екенін бәріміз білеміз. Сондықтан, бұл Астанада құрылыс кезінде қандай қиындықтар болғанынқандай үлкен жауапты шешімдердің болғанын халық біледі. Сондықтан, бұл шешімді өте орынды шешім деп қабылдаймыз.

Бекболат Тілеухан, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Мен қашанда Нұрсұлтан қаласының тұрғыны ретінде сезініп жүргенмін. Бұл тарихи өте әділ шешім. Ал, заңға бағынған саясаттың адамымыз. Әрине, заң бойынша, ішкі ережеміз бойынша жүруді міндетті деп есептеймін.

Қуаныш Сұлтанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Осы қаланың бастамашысы. Оның бас сәулетшісі. Осы қаланың гүлденіп, болашақта біздің ұрпағымызға, елімізге мәңгі еңбек етуіне Нұрсұлтан Назарбаевтың сіңірген еңбегі орасан.

Нұрлан Дулатбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Қасым-Жомарт Кемелұлының «Халық қаһарман» атағын беруі және тағы басқа жақсы ұсыныстары әрине, халықтың өзінің ойы, халықтың көптеген тілегі деп қабылдаймын.

Қала бірден және лезде бой көтерген жоқ. Нөлден басталды деп толық айтуға болады. Көшу барысында талай қиындық болды. Елбасының Қазақстан елордасын Астанаға көшіру туралы шешім қабылдағанда, көпшіліктің көңілінде күмән мен күдік басым болды. Алайда, Президент қателеспеді. Аз уақытта Астана – ғажап қалаға, Қазақстанның жетістіктерінің символына айналды.

Талғат Мамашев, қоғам қайраткері:

Ол кісінің есімін мәңгілік қалдыру үшін Астана қаласын Нұрсұлтан деп атау, облыстарды көше аттарын беру, монумент орнату сияқты ұсыныстары меніңше ойланған, бүкіл елдің ойынан шыққан, тек қана депуттаттардың ғана емес халық та қолдаған мәселе болды деп ойлаймын.

Мәмбет Қойгелдиев, тарих ғылымдарының докторы:

Президент есімін ел жадында қалдыру туралы шаралар айтылды. Ол да табиғи нәрсе. Солай болу керек. Біздің мемлекеттілігіміз қашан күшейеді. Билік аралық сабақтастық болғанда. Осы сабақтастыққа біз бүкіл ел болып қолдау жасағанда.

Айтжан Оразбақов, тарих ғылымдарының кандидаты:

Елбасының Президент кезінде Қазақстан үлкен жетістіктерге жетті. Тек қана Астананың өзінің салынуы, оның дамуын айтатын болсақ, ол да әлемде көп мемлекеттерде болмаған жағдай. Қазақстанның бүкіл дүниежүзілік аренаға танылуы Қазақстанға үлкен серпін берді деп ойлаймын.

Бүгінде еңселі елорда – Қазақстанның жүрегі, қазақтың мақтанышы.  Сәулеті мен дәулеті келіскен шаһарға тамсана қарамау мүмкін емес. мұны елордалықтар да мойындайды.  

Сауалнама:

- Жақсы негізі. Нұрсұлтан деп өзгертілуі жақсы ғой. Атамызды еске алып жүреміз.

- Жақсы қараймын, себебі, ҚР-ның алғашқы президенті болғаннан кейін соған лайықты деп ойлаймын.

- Заманымыз бейбіт, халқымыз тыныш, бәріне қол жеткізіп, Астананы осылай гүлдетіп, жайнатқан сол кісі. Сол үшін Нұрсұлтан деп қойса, дұрыс деп қабылдаймын мен.

Елорда –  ел Президенттері мен жоғары лауазымды тұлғалардың басын қосатын, саяси пікір-талас жасайтын алып алаңға айналды. Меймандар  мұнда қуана, асыға келеді. Себебі, шетелдіктер қазақтың елордасын жақсы көреді, Елбасын құрметтейді. Сондықтан, да дүйім ел Астана атауын Нұрсұлтан деп өзгертуді құптап отыр.  

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу