Алуа Жолдыбалина: Ешкім күтпеген қадам болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алуа Жолдыбалина: Ешкім күтпеген қадам болды

20.03.2019

Қазақ лидерінің сындарлы сәтте мұндай шешімді қабылдауы ешкім күтпеген қадам болды. Бұл стратегиялық зерттеулер институтының маманы Алуа Жолдыбалинаның пікірі. Қазіргі таңда Қазақстандағы саяси элитаның ауысқаны туралы ақпарат шартарапты шарлап кетті. Сарапшылардың пікірінше, Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл қадамы Қазақ елінің халықаралық қауымдастық алдындағы беделін одан ары асқақтата түспек.

Президенттің ертелі-кеш ауысатыны ақиқат.  Алайда, ауыс-түйістің қандай жолмен жүзеге асатыны көптің көкейін тескені рас енді. Қазақ Президенті өз қолындағы билікті конституциялық жолмен тапсыруды жөн деп шешті. Бұл оқиға Қазақ қана емес әлемдік қауымдастық үшін күтпеген жаңалық болды. 

Тәуелсіз Қазақстан мен Нұрсұлтан Назарбаев есімі бір-бірімен егіз ұғым. Бір-бірінен бөле жарып қарауағ келмейді. 30 жылда Президент қол жеткізген басты жетістіктердің бірі елдегі тұрақтылық пен экономикалық өсімнің жоғары қарқыны. 

Елбасы президенттік қызметін тоқтатқанымен, Қазақстанда болатын барлық оқиғаларды назарда ұстайды. Ал оның қауіпсіздік кеңес құрамында қалуы ел дамуының кепілі болып қала бермек.

Ғабит БӨКЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу