Қазақ елінің бүгінін баянды, ертең кемел еткен көшбасшы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ елінің бүгінін баянды, ертең кемел еткен көшбасшы

20.03.2019

Қазақ елінің бүгінін баянды, ертең кемел еткен көшбасшы ол – Нұрсұлтан Назарбаев. Өйткені, сан мыңдаған жылдық тарихы бар Қазақстанды мықты мемлекет, етіп қалыптастыруда еліміздің тұңғыш Президенті өлшеусіз еңбек етті. Оған тек қазақстандықтар ғана емес күллі әлем куә. 

Салиқалы саясаттың арқасында мемлекетіміз өзінің шекарасын шегендеп, жоғын түгендеді. Экономикалық тұрғыдан әлемнің алпауыт елдерімен иық тірестіре алатындай жағдайға жетті. Ішкі тұрақтылықты нығайтып, сыртқы саясатын реттеді. Тіпті тыныштықты тұрақты етуде Қазақстанның көшбасшысы әлемдік сахнадада жетекші роль атқарды. 

Сейдулла Садықов Қ.Ясауи атындағы ХҚТУ профессоры:

Қазақстан деген елді бүкіл әлемге таныту бұл көптің қолынан келе бермейді. Біз санымыз жағынан аз болғанымен, сапамызбен ерекшелдік. Бізді ерекшеліндірді. Халықтың абыройын осылай көтеру,  елімзді дамыту,әлемге таныту бұл оңай емес. Екінің бірінің қолынан келмейді. Ол дана, кемеңгер басшы.

Амангелді Айталы, мемлекет және қоғам қайраткері:

Біз қимасақ та осы қызметтен кетіт. Екінші айта кететін жадай – 30 жыл болды, Қазақстанды басқарды. Қазақша айтсақ, қай салада да, қай жұмыста да қанағат деген сөз бар. Үлкен бір қанағатшылдықтың үлгісі болды. Сонымен бірге Нұрсұлтан Әбішұлы әлі саясатта. Өз қызметін жалғастыра береді. 

Елге өзінің ақыл-тәжірибесіменен ықпал етеді, бөліседі халықпен.Сондықтан Нұрсұлтан Әбішұлына  халықтың құрметі әруқытта сарқылмайды. Осылай өізміздің  ортамызда, Қазақстанның дербес мемлекет ретінде іргесін қалаған тұлға болып қала береді. Бұл кезең тарихта «Назарбаев кезеңі» болып аталатыны сөзсіз.

Гүлжан Жақсылыққызы, Қостанай қаласының тұрғыны:

Елбасымыздың кешегі үндеуін естігенде есеңгіреп қалдым. Есіме бірден тоқсаныншы жылдар түсті. Елбасы бізді сол тығырықтан шығарып қана қоймай дамытып, бағыт-бағдар беріп, әлемге атымызды танытып кетті. Сол үшін Елбасыға мың алғыс.

Кенже Кеңесбаев, Павлодар қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы:

Отыз жылдың ішінде істеген еңбегі Қазақстанға, Қазақстан халқына ересен зор. Әсіресе мынау халықтың арасындағы бірлік, ауызбірлік. Қазақстанымызды экономикасын дамыту жолындағы басқадай істеген істері орасан зор. Ойлаймыз, бұл кісі әлі де болса халықтың арасында халықпен бірге болады, өзі де айтып жатыр халықпен бірге боламын деп. Дұрыс жолда екендеріңді білемін, сіздерге халқыма ризашылығымды білдіремін деген сөздері ересен өзімізге ұнады. 

Хабарламаларға жазылу