Енді Павлодарда да Назарбаев даңғылы бар. Тұңғыш Президент есімі бұрынғы Тәуелсіздік даңғылына берілді. Бұндай шешімді алдымен қалалық содан кейін облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында депутаттар бірауыздан қабылдады. Назарбаев даңғылы қаланың қақ ортасын қиып өтеді. Солтүстік кіре беріс қақпадан басталып оңтүстік шыға беріс қақпаға дейін жалғасады. Ұзындығы 11 шақырым. Облыс орталығындағы ең үлкен көше саналады.
Бақытжамал Максилова, «Нұр ана әлемі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы:
-Қай жерге бармасақ та, кімсің дегенде, қазақпын, Қазақстаннанмын дегенде түгелі Назарбаев деп айтатынды. Павлодар облысының ең үлкен Тәуелсіздік даңғылының атын Н.Ә.Назарбаев атына осы даңғылды беріп отырмыз. Қуаныштымыз, мақтанышпен береміз.
Болат АМАНБАЕВ