Елі сүйген елбасы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елі сүйген елбасы

20.03.2019

Елбасының еңбегі, ерлігі мен ақылы құрмет тұтуға әбден лайық. Ал, бүгінгі ұрпақ қуатты мемлекеттегі бейбіт өмір үшін Тұңғыш Президентке алғыс айтады. Бұқараның ендігі міндеті Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатын жалғастырып, елдің баянды болашағы үшін тер төгу. Бұл - Ұлт көшбасшысына көрсетілген құрметімізді айшықтайды, дейді Кереку өңіріндегі зиялы қауым өкілдері. Тілшіміз Болат Аманбаев жалғастырады.

Тұңғыш Президентің өз өкілеттілігін тоқтатқанын естігенде екіұдай сезімде болдым- дейді  Советқазы Нұрсилә. Ақын Елбасының қоғамды демократияландыру бағытындағы еңбегін ерекше бағалайды. 2011 жылғы Президенттік сайлауда  өз кандидатурасын ұсынған қоғам белсендісі, кейін бұл ойынан бас тартқан. Себебі, Нұрсұлтан Назарбаевтай ақыл-парасаты биік, көреген тұлғаның тұтас қазақты ұйыстырып, елді алға жетелейтініне нық сендім дейді ол.   

Советқазы Нұрсилә, ақын, қоғам белсендісі:

Әрбір Қазақстандық азамат сайлауға және сайлануға құқы бар дейтін бапты  басшылыққа алып мен Президенттікке үміткер болғаным рас. Президентке түскенде мені біреу кеудемнен итерген жоқ, сен түсе алмайсын деп.

Барлық процедурадан өттім. Үміткер болып тіркелдім. Беделім, халықаралық беделім жоқ. Қарапайым қазақтың азаматымын. Сондықтан, халықаралық сыртқы, ішкі саясатты білетін адам басқарған дұрыс деген шешімге келдім.

Тұңғыш Президент мемлекеттің одан әрі дамуының негізін қалыптастырып берді. Соның нәтижесінде елдің әл-ауқаты өсті. Елбасы ел сенімін ақтады.

Серік Елікбай, ғалым:

Бұл үлкен үміт, үлкен көкжиектер, жаңа бір белестерге алып келеді, соған құлаш ұрдырады. Ең бірінші не істелді деген дүние болатын болса, шекара белгіленіп, ол бүкіл әлемдік тұрғыдан мөрленіп, қатталып, сүрленіп ұсынылғаны, шекарамыздың бар екендігі, біздің кеңістігіміздің бар екендігі, әлемде қазақ деген жұрттың бар екендігі. Астанаы алып келуі, соның көшіп келуі, орталықтануы бұл екінші бір дүние. Үшінші дүние біздің әріптің кириллицадан кетіп жатқандығы, латын қарпіне көшіп бара жатқандығымыз.

Бұл Елбасының еңбекқорлығы мен шешім қабылдаудағы батылдығының арқасы. Нұрсұлтан Назарбаев экономикасы қуатты, сыртқы саясатта өзгелермен иық тіресе алатын тұғыры биік мемлекетті қалыптастырды. Қазақ елін әлем мойындады. Ендігі міндет- елдің тұтастығын, бірлігін бекемдеу дейді зиялы қауым.

Болат АМАНБАЕВ     

Хабарламаларға жазылу