Теміртауда шыңдалған  тау тұлға - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Теміртауда шыңдалған  тау тұлға

20.03.2019

Тәуелсіздік алған жылдан бастап Теміртау қаласы мен ондағы металлургиялық комбинат қарыштап дамыды. Бұл - Елбасының  ерен  еңбегінің арқасы. Өзі еңбек жолын бастап, саяси тұлға ретінде қалыптасқан  құрышты қалаға деген Нұрсұлтан Әбішұлының қамқорлығы зор болды,-дейді металлургтер. Елбасының осынау қажырлы еңбегін бірге оқып, қатар еңбек еткен әріптестері де ерекше мақтан тұтады.  Тілшіміз Руслан Нұрланұлы сол өңірден.

Тәуелсіздік алғаннан кейінгі алғашқы жылдары Теміртау металлургиялық зауытының жағдайы қиын болатын. Өзі негізін қалаған , еңбек еткен осынау  алпауыт өндіріс орнын  қайта түлету  үшін Елбасы бар күш-жігерін салды.  Тау тұлғаның  орасан еңбегі н  металлургтер    ешқашан ұмытпайды.

Мұрат Қойшыбаев, металлург:

90 жылдары комбинатымызда өте қиын болған. Сол кезде біздің Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев комбинатты өзі жеке қарап, көмектесіп, инвестор тауып аман алып қалды. Өзі көрікші болып істегеннен кейін осы өндіріске көңілін бөледі үнемі.

Әлібек Алпысбаев, металлург:

Біз жас металлургтер үшін Елбасымыз әрқашан да үлкен патриотизмнің үлгісі. Әрине қимаймыз. Өте оны жақсы көреміз, сыйлаймыз.Ол кісіге тек қана жақсылық тілейміз.

Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет басшысы ретіндегі   өңірге келген соңғы  сапарында Теміртаудағы бірқатар мәселелердің оң шешілуіне мұрындық болды.  Айталық,  мұндағы екі  жылу энергия орталығы күрделі жөнделетін болды. Бұған қоса жаңадан 7-ші қазандық салынады. Балабақша, емхана сынды бірқатар әлеуметтік нысандардың құрылысы басталмақ. Елбасының Президенттік өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәлімдемесін құрышты қалада тұратын әріптестері де тебіреніспен қабылдады.

Қуаныш Омашев,  ардагер металлург:

Теміртаудың –Теміртау болғаны, зауыттың жұмыс істеп тұрғаны, халқымыздың әл-ауқатының жақсарғаны Елбасының еңбегі. Қызығы сол ғой, бірге оқыған, мектепте оқыған жолдастарын ұмытпайды. Сосын Украинада оқыған азаматтармен араласып тұрады. Сосын бізбен теміртаулықтармен жиі қатынасады ғой.

Қазақстанның қарыштап дамуына еселі үлес қосқан Нұрсұлтан Әбішұлының есімі ел тарихында Ұлт көшбасшысы ретінде алтын әріптермен  жазылады. Парасат пен саясаттың ұлы қайраткері болған  Тұңғыш Президенттің  сара жолы  ел дамуы  үшін  темірқазық болады, дейді еңбеккерлер. 

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу