Астана қаласының атауын Нұр-Сұлтан деп өзгерту ұсынысын қоғам белсенділері қолдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана қаласының атауын Нұр-Сұлтан деп өзгерту ұсынысын қоғам белсенділері қолдады

20.03.2019

Астана қаласының атауын Нұр-Сұлтан деп өзгерту ұсынысын қоғам белсенділері қолдады. Әлеуметтік желілерде де ұсыныстың орынды болғандығын айтып жатқан тұрғындар көп. Бұл Елбасының елі үшін еткен еңбегінің қайтарымы. Көпшіліктің пікірі осыған саяды.

Данияр Зиябекұлы:

Американың әр штаты, әр қаласы, әр қалашығында Вашингтон деген көше бар. Ел астанасы Вашингтон DC-дан бөлек, тағы бір штаттың аты Вашингтон. Вашингтон деген университет, мектеп, әуежай, орталықтар да жетерлік. Монумент болса да.

Біздің Елбасы Н.Назарбаев Тұңғыш Президент ретінде тариxи миссиясын орындады. Қала-қалашықтар мен аймақ-облыстарды белгілі бір тұлғаның есімімен атау әлемнің көптеген елдерінде бар дәстүр. Осымен Нұр-Сұлтан қаласы әлемде адам атымен аталған оныншы астана ретінде саналып отыр.

Оңғар АЛПЫСБАЙ

Хабарламаларға жазылу