Ел билігіндегі өзгерістерге жастар да бей-жай қарамай пікірлерін білдіріп жатыр. Жамбылдық жас Уалихан Болатбек Тәуелсіздікпен түйдей құрдас. Еліміздің жеткен жетістіктерімен бірге ер жеткен жас маман Елбасының ерен еңбегінің арқасында осындай дәрежеге жеттік дейді.
Уалихан Болатбек, Тараз қаласының тұрғыны:
- Өзім де Тәуелсіздік жылдары дүниеге келіп, Елбасы Қазақстанды қалай тұрғызса, Елбасының жастарға жасаған жағдайының арқасында өзіміздің мүмкіндіктерді пайдаланып, осындай дәрежеге жеттік. Былтырғы жылы Елбасымыздың алдында сөз сөйлеп батасын алған болатынбыз, Әрине Елбасымыз жастарға әрқашан дұрыс бағыт-бағдар беріп келді. Жұмыс барысымен көп шетелдерде болдық, көрші мемлекеттерде болдық, сол кезде бір нәрсе байқағаным, Елбасының әлемдік аренада өзінің орнын алып бергендігін, Қазақстан дегенде бірінші Елбасыны айтады, Қазақстан мен Елбасы егіз ұғым сияқты болады. Дәл сол сияқты Елбасының өтінішінен кейін, шыны керек кішігірім толқулар болды, Қазақстанның болашағы қандай болады екен деп, бірақ Елбасымыздың салып кеткен,сара жолы, дара жолы, өзінен кейінгі ұрпақтарға сенетіндігі, біз Қазақстан ешқандай да саяси ахуалдарға бой бермейміз деп ойлаймын.
Сәбит Әлдебай