Кіші Арал теңізі елге несібе әкелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кіші Арал теңізі елге несібе әкелді

20.03.2019

Тәуелсіз Қазақстанның қол жеткізген қомақты табысының бірі - Сырдария арнасын реттеу және солтүстік Арал теңізін сақтап қалу жобасы. Елбасының салиқалы саясатының нәтижесінде Көкарал бөгеті салынды. Адамзат тарихында теңізді бөліп, бөгеу шарасы тұңғыш рет Сыр елінде жүзеге асырылды. Кіші Арал теңізі пайда болып, халық ата кәсіппен қайта қауышты. Бұл Елбасының ерен еңбектерінің бірі. 

Сайлаубай Жұбатырұлы, эколог-жазушы:

- Дүниежүзіне осы шын мәнісінде осылай қою осы деңгейге көтеру ол үлкен азаматтық, үлкен саяси көрегендікті азамттық ерлікті талап етті.  Сонау біздің тарихымыздың ең бастауында 1992 жылы БҰҰ биік мінберінен біздің Елбасымыз әлемге паш етіп, жария етті. Содан бастап шын мәнісінде Аралға деген көзқарас әлемнің ынта ықыласы өзгере бастады. Бұл теңіздің басындағы, біздің елдегі үлкен проблема ғана емес, планетаралық масштабтағы проблеманың басындағы Елбасымыздың үлкен бір бастамасы деп едім. 

А. Берікбекқызы

Хабарламаларға жазылу