Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи шешімі, оның жүргізген сындарлы саясаты жайлы түрлі дін өкілдері де пікірлерін білдірді. Олар бастысы ұлтаралық, дінаралық татулықты сақтай отырып, барлық халықты бір тудың астында жұмылған жұмылдырықтай ұйыстыра білгенін жоғары бағалап отыр.
Архимандрит Сергий, Астана шіркеу округінің өкілі:
- Нұрсұлтан Әбішұлы ерекше президент. Әлемдегі түрлі діннің лидерлері Қазақстанда бас қосады. Бұл кездейсоқтық емес. Қазақстанда жүргізген саясат барлық әлем елдері үшін үлгі. Жаһанда түрлі құйтырқы әрекеттер жиі болып тұратыны белгілі. Бірақ қазақ елі Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында олардың бәрінен ада. Осы саяси бағыт біздің елде тоқтаусыз жүре беретініне біз сенеміз.
Оңғар Алпысбайұлы