Ақтөбеде мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өтті

18.03.2019

Баспана мен жер учаскесін ала алмай жүрген тұрғындарға тегін кеңес алып, құжаттарын рәсімдеуге көмек көрсетілді. Биылдыққа алғаш рет өткізіліп отырған шараға әсіресе, көпбалалы отбасы мүшелері көп келіп жатыр.

Сондай-ақ,  атаулы әлеуметтік көмек алу жолдарын сұрап келгендері де бар. Сондай-ақ, жерге, баспанаға және балабақша кезегіне байланысты сұрақтары көп. Мамандар әр адамның арыз-шағымына құлақ түріп, шешілу жолдарын түсіндірді. Тек алғашқы сағаттың өзінде 10-ға жуық тұрғынға көмек көрсетілді.  Бір жерден, бір мезгілде қызмет алуға қолайлы мұндай шараны жылына төрт рет өткізу жоспарланып отыр.

Ислам Алпысбаев, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің бас маманы:

Осындай шараларды біз тек Ақтөбе қаласында емес, облыстың барлық аудандарында тоқсан сайын өткіземіз.

 

Жақсыбек КЕМАЛ

Хабарламаларға жазылу