Отандық омарташылар бал экспорты көлемін ұлғайтпақшы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Отандық омарташылар бал экспорты көлемін ұлғайтпақшы

18.03.2019

Отандық омарташылар бал экспортын ұлғайтуды көздеп отыр. Тәтті өнімді өндірушілер қазірдің өзінде Қытай, АҚШ және Біріккен Араб Әмірліктерінің нарығына шыққан. Қазақстанда жыл сайын 15 мың тоннаға жуық бал жиналады. Бірақ, оның жартысына жуығы ғана шетелге саудаланады.

Балды халықаралық талаптар бойынша өндіру тақырыбы Өскеменде өткен ғылыми-практикалық конференцияда талқыланды. Жиынға Қазақстан, Ресей және Қырғызстан омарташылары қатысты. Отандық шаруа қожалықтарының экспорттық әлеуетін арттыру үшін биыл Шығыс Қазақстанда елімізде баламасы жоқ заманауи-ветеринарлық зертхана ашу жоспарланған. Ол жерде тексерілген бал қосымша сертификаттарсыз шетелге тікелей жөнелтіледі. 

Валерий Қасымбаев, республикалық Омарта шаруашылығы палатасының төрағасы:

Омарташылар материалдық-техникалық базаны нығайтып келеді. Бүгін міне, еліміздегі ірі ара шаруашылақтарының жетекшілері бас қосты. Олардың әрқайсысында 500-ден астам ара ұялары бар, өндірістік бағытта жұмыс істейді. Барлығымыз бірігіп бал экспортын еселеуді мақсат етіп отырмыз.

 

Берік КӨШЕРБАЙ

 

Хабарламаларға жазылу