Қостанайдағы мектептерде «Адалдық асханасы» жұмыс істейді. Оның ерекшелігі - алған асыңызды есептеп, ақшасын төлегеніңізді қадағалайтын адам жоқ. Асхана қызметкерлері дайындалған тағамдарды сөреге шығарып қояды. Оқушылар қалаған тағамды өздері таңдап ала береді. Содан соң қағазда жазылып тұрған бағасына сәйкес ақшаны қорапшаға салып кетеді.
Яғни, бұл жерде балалардың адалдығына деген сенім бірінші орында тұр. Бұл бастаманы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шаралары» аясында «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жүзеге асырып отыр.
Айкүнім Қасен, «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджері:
«Адалдық асханасы» облыстағы барлық білім ордаларында ашылып отыр. Оның мақсаты - жемқорлықтың алдын алу. Яғни, еліміздің болашақ азаматтарын бала күнінен адалдыққа тәрбиелеу.
Дәуренбек ӘБДІБЕК