Ұлытау тарихы әлі толық зерттеліп біткен жоқ - Ғалымдар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлытау тарихы әлі толық зерттеліп біткен жоқ - Ғалымдар

18.03.2019

 «Ұлытау - Қазақ жеріндегі мемлекеттілік пен хандық билік институтының алтын бесігі». Алматыдағы Тұран университетінде осындай атаумен ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Алқалы жиында баяндама оқыған беделді ғалымдар тарихи орындарды қалпына келтіру туралы ұсыныстарын айтты. Себебі, Ұлытаудың тарихы әлі толық зерттеліп біткен жоқ.

Жалпы, бұл жердегі қызмет көрсету сапасын арттырып, инфрақұрылымды дамытса, өлкенің түлеуіне жол ашылады. Сондықтан, жергілікті әкімдік биылдан бастап осы аймақтағы инфрақұрылымды жетілдіріп, туристік орынға айналдырмақшы. Ал, тарихшылар «киелі мекеннің байырғы тарихын зерттесек, әлі талай жәдігерді табамыз», деп отыр.  

Әнуар Серікбайұлы, Қарағанды облысы Ұлытау ауданының әкімі 

Ұлытау тарихы бұл мемлекеттіліктің және хандық билік институтының құрылу тарихы.

 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу