«Әлеуметтік қамқорлық» шараларын түсіндіру тобының Ақтөбе облысындағы жұмыс сапары жалғасуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Әлеуметтік қамқорлық» шараларын түсіндіру тобының Ақтөбе облысындағы жұмыс сапары жалғасуда

15.03.2019

Вице-премьер Гүлшара Әбдіқалықова бастаған Үкімет өкілдері жергілікті халықпен кездесіп, халықтың табысын арттыруға бағытталған бастамаларды түсіндірді. Атап айтқанда, жәрдемақы мен жалақының өсімі, тұрғын үймен қамту, медицина мен білім саласын одан әрі жетілдіру әрі өңірлерді дамыту аясында атқарылатын жұмыс барысын баяндады.

Сондай-ақ, осы өңірдегі тұрмыс жағдайы төмен көпбалалы отбасыларды аралап, мәселелерін тыңдады. Көпшілігі тұрғын үй мен жұмысқа орналасу мәселесін тілге тиек етті. Осы ретте жаңадан жүзеге асып жатқан әлеуметтік бастамалардың көпбалалы отбасыларға беретін мүмкіндіктері мен оған қол жеткізудің тәртібі түсіндірілді. Әрбір отбасының мәселесі ерекше назарға алынатындығы айтылды.

Сонымен қатар, азаматтарды жекелеген мәселесі бойынша қабылдау өткізіп, әр мәселенің шешіміне қатысты жергілікті жердегі жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берді.

Ербол МӘНДІБЕК

Хабарламаларға жазылу