Еліміздің төрт өңіріне су басу қаупі төніп тұр. Олар: Қарағанды, Ақмола, Шығыс және Батыс Қазақстан облыстары. Төтенше жағдайлар комитеті апаттың алдын алу мақсатында жергілікті атқарушы органдармен жұмыстар жүргізіп жатыр. Қорғаныс бөгеттері салынып, 64 көпір жөндеуден өтті. Сонымен қатар, елді мекендерден қар шығарып, қажетті техника мен жарылғыш заттар қорын жасақтап қойған. Тасқынның алдын алу үшін бас-аяғы 200-ден астам іс-шара жоспарланған. Жалпы, азаматтық қорғау органдарының барлық бөлімшелері дайын, – дейді мамандар.
Дидар Жәнібекұлы, «Қазгидромет» РМК гидрология департаментінің директоры:
Қарағанды, Ақмола, Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан өңірлерінде қар жамылғысының нормасы көп мөлшерде жинақталған. Осының әсерінен бұл аталған жайт жауын-шашынның көп болуын көрсетіп отыр. Бұдан бөлек, бізде Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және де Ақтөбе облысының кейбір аймақтарда қардың нормасы климаттық нормадан өте көп болып табылады.
Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ