Басты Жаңалықтар «Әлеуметтік қамқорлық» бағдарламасы Алматы облысындағы шалғай елді мекендерде де іске асырыла бастады

«Әлеуметтік қамқорлық» бағдарламасы Алматы облысындағы шалғай елді мекендерде де іске асырыла бастады

Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» бағдарламасы Алматы облысындағы шалғай елді мекендерде де жедел іске асырыла бастады. Жергілікті билік өкілдері көпбалалы отбасылар мен көмекке мұқтаж жандардың тізімін жасап жатыр.

Мәселен, Қарасай ауданындағы Әйтей ауылдық аумағына қарасты Үштерек ауылының тұрғыны Сандуғаш Тұрманова бұған дейін әлеуметтік көмек алмаған. Оның отбасы мүшелерінің құжаты толық болмағандықтан, көп нәрседен шет қалып келген. Тілші Нұрлан Асқарұлының материалы.

Сандуғаш Қартбайқызы бүгінде Іргелі елді мекенінде пәтер жалдап тұрады. Ал, оның тіркелген тұрғылықты мекен жайы Қарасай ауданының Үштерек ауылындағы туысының үйі. Қазір көпбалалы ана төрт ұл, бес қызды тәрбиелеп отыр. Отағасының тапқан азын аулақ табысы тек тоғыз баланың тамағы мен киіміне жетеді. 

Сандуғаш Тұрманова, көпбалалы ана:

Осы екі бөлмелі үйде тұрамыз. Сыймаймыз, 9 бала шағам бар. Күйеуім өзі жалғыз істейді. Айлығы сол жетпейді. Өкіметтен осы кезге дейін бір тиын алмадым.

Нұрлан Асқарұлы, тілші:

Тар бөлмеге қамалып қыстан қысылып шыққан балалар күн жылып көктем келген соң алаңсыз ойнауға кіріскен. Асыр салып ойнап жүрген балалардан жылулық байқалмайды. Оларда бір уайым бар секілді. Себебі, кісі есігін күнелтіп жүргендері олардың да жанына бататын секілді.

Кішкентай қыздың бала қиялына әлеуметтік тақырып қанат бітіргендей. Қолына қалам алса, бірден үй салуға кіріседі. Себебі, бүлдіршін жүрек ата-анасының баспанаға қолы жетпей жүргендігін іштей сезеді. Ал, жергілікті әкімдік бұл отбасының жағдайымен етене таныс. Сондықтан, көпке созбай көмек береміз, деп уәде берді.

Қайрат Жақсылықұлы, Қарасай ауданы, Әйтей ауылдық аумағы әкімінің орынбасары:

Бүкіл құжаттарын өткізді. Біз оны жұмыспен қамту орталығына жібердік. Оған жұмыспен қамту орталығынан одобрение шықты. 566 мың 364 теңгеге. Ол алты айға бөлінген есептелінген. Жаңағы ай сайын 94 394 теңгеден Наурыз айынан бастап ол кісі атаулы әлеуметтік көмекті алады. Елбасының тапсырмасы бойынша бірінші сәуірден егер бізге үкіметтен бұйрық келетін болған жағдайда. Әр балаға жаңағы 21 мың теңгеден ол әлеуметтік көмек бойынша көмек ала алады.

Түн ұйқысын төрт бөлген ана үйдің іші суық тартса ғана от жағады. Өйткені, қабырға пеші түтіндесе, балаларының мазасы қашады. Осылай қиындық көрген көпбалалы отбасы жақсылықтан еш күдер үзбеген. Теледидардан әлеуметтік көмек туралы Елбасының тапсырмасын естіп, көңілі бірленді.

Сандуғаш Тұрманова, көпбалалы ана:

Президент әр балаға 21 мың теңгеден беру керек деп айтқанға өте қатты қуандым. Осы сәуір айынан бастап берілсін деген.

Бұл отбасының балалары жылы киім кимегендіктен, шетінен көк жөтел, тұмау тиген. Сондықтан, тұрмыстың тауқыметін тартқан Сандуғаш Тұрманов қолыма түскен қаржығы ұл-қызымды емдеп, жағдайын жасаймын деп отыр. Егер қайырымды жандар көмек беремін десе, бұған тек қуанатындығын айтты.

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Бөлісу