Өзбекстан жыл сайын 2 млн тоннаға қазақстандық мұнайды сатып алуға мүдделі. Бүгін Сенат депутаттар тиісті келісімді ратификациялады. Сонымен қатар, жалпы отырыста Мәжіліс мақұлдаған «баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметімен байланысты мәселелер бойынша құжат қабылданды.
Бұл мәселені алғаш Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр қыркүйек айында көтеріп, қылмыстық заңдарды, оның ішінде балалардың құқықтарына қатысты мәселелер жөніндегі заңдарды шектен тыс ізгілендіруді тоқтатудың қажеттігі туралы айтқан болатын.
Ол жыныстық сипаттағы құқық бұзушылықтар үшін жазаны қатайтуға шақырған еді. Парламент депутаттары әзірлеге құжаттың тиімді тұстары көп. Ендігі жерде ата-аналардың, өгей әке-шешелердің, мұғалімдердің, қамқоршылардың кәмелетке толмағандарды зорлауы немесе зорлық көрсеткені үшін қылмыстық жауаптылық күшейе түседі. Бұл баптар бойынша қылмыс жасағандарды 12-ден 17 жылға дейін соттау көзделіп отыр.
Мұрат Бақтиярұлы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Өмірлік қиын жағдайда жүрген кәмелетке толмағандарды есепке алудың жаңа түрі олардың медициналық-әлеуметтік есебі енгізілген. Үшінші мәселе, кәмелетке толмағандарға қатысты сот төрелігінің өзекті мәселелерін дамыту. Бұл бағытта бірқатар құқықтық шешімдер ұсынылған.
Ал сенатор Дүйсенғазы Мусин Премьер-министрдің атына депутаттық сауал жолдады. Өйткені, Шығыс Қазақстан облысының шаруаларын толғандырып отырған мәселе бар, ол мал шаруашылығына бөлінетсін субсидия қарызының өсуі. Депутат бюджетті нақтылаған кезде Шығыс Қазақстан облысына 5 млрд теңге бөлудің қажеттілігі туралы айтты.
Индира БЕГАЙДАР