Астанада «Ұлы бабалардан тағлым» семинары өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Ұлы бабалардан тағлым» семинары өтті

14.03.2019

«Ұлы бабалардан тағлым». Астанадағы №51- мектеп-гимназиясында осындай тарихи танымдық семинар өтті. Шара «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы негізінде жасалған «Өркендеу» жобасының аясында ұйымдастырылды.

Бұл жоба бойынша білім ордасында бабалар мектебі, ата-әже, әке-ана мектебі оқытылады. Яғни, оқушыларға жақындарымен қалай араласауы керек,  кішіге ізет, үлкенге құрмет көрсетудің жолдары түсіндіріледі.

Жас ұрпақтың бойына ұлттық тәрбиені сіңдіре отырып, отбасылық құндылықтарды терең түсінуге жол сілтейтін жоба өз нәтижесін берді. Семинарға қатысушылар Қазақ хандығының құрылған уақытынан бастап, Тәуелсіздікке қалай жеткенімізді, қойылым арқылы көрсетті.

Күнімхан Дүйсенова, №51 мектеп-гимназиясының  директоры:

Ата-ана  мен ұстаздардың, оқушылардың бірлескен жұмысындағы ата-бабамыздан келе жатқан салт-дәстүрді, дінімізді,тілімізді жаңғырту. Ақ сөйлейтін, адал күлетін, жаманға жағынбайтын, ешқашан қиындықтан қорықпайтын нағыз қазақтың ұрпағын тәрбиелеу.

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу