Қазақ әскері кешенді тексерістен өтіп жатыр
Қарулы күштер құрамында «Алтын жебе» деп айдар тағылған қорғанысымыздың әлеуетін анықтап, дайындығын пысықтауға бағытталған ауқымды оқу-жаттығу жұмыстары жүруде. Оның барысында әскерилер жауынгерлік әзірліктің жоғары деңгейіне келтіріледі.
Сондай-ақ, артиллерияның нысананы дәлдеу, барлау жүргізу, әскери-медициналық даярлық секілді міндеттері орындалады. Тексеріс кезінде жауынгерлердің тек күндізгі іс-әрекеттеріне ғана емес, түнгі уақыттағы қимылдарына да баға берілуде. Бұл жолы әуе күштерінің дайындығына ерекше екпін беріліп, олардың мүмкіндіктері сыналуда. Осылайша қорғаныс министрлігі сарбаздардың деңгейін арттырып, кез келген жағдайға сақадай сай болуын көздейді.
Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Кітапхана түні – 2026» шарасы өтті
23.10.2026, 10:25
Түркі әлемінің ортақ мұрасы: «Түркістан» энциклопедиясы жарық көрді
23.10.2026, 10:22
Ресейде жалған сертификаттарға қарсы күрес күшейтіледі
23.10.2026, 10:17
Алтын шикізатын шетелге заңсыз шығармақ болғандар ұсталды
23.10.2026, 10:15
Парижде коменданттық сағат ұзартылды
23.10.2026, 10:14
Қытайда жер сілкініп, 16 адам қаза тапты
23.10.2026, 10:13
Қар құрсауында қалған 7 адам құтқарылды
23.10.2026, 10:12
7 жылда әлеуметтік салаға 88 трлн теңге бөлінді
23.10.2026, 10:10