Еліміздің бас полицейіне өз базынасын жеткізу үшін 36 адам жазылған. Біразы аймақтардан. Олармен Е.Тұрғымбаев тікелей видеобайланыс арқылы тілдесіп, жергілікті департамент басшыларына тапсырмалар жүктеді.
Астана қаласында да министрмен тікелей жүздесіп, мәселесін айтуға келгендер көп болды. Біразы қылмыстық істің тергелуіне көңілдері толмай, әділдік іздеп келген. Полицейлерге арыз айта келгендер де бар. Ерлан Тұрғымбаев бұл оқиғаларды тікелей назарда ұстайтынын айтып, жуық арада шешімін табуға уәде етті. Құзырлы мекеме алдағы уақытта мұндай қабылдауларды жиі өткізуді жоспарлап отыр.
Нұрділдә Ораз, ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі:
- Полиция ашық болу керек. Полиция халыққа жақын болу керек. Халықты қабылдау үшін бірнеше алаңқайлар дайындап жатырмыз.
Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ