Қызылжарлық студент Жанат Кәкімов өңір тарихын жарнамалаудың жаңа әдісін тапты
Ол сакралды картаға енгізілген нысандардың бейнесін қалыпқа түсіріп, гипстен құяды. Қазір жас кәсіпкер өз өнімдерін жеткіншектерге таратып жүр, болашақта бұл істі бір жолға қойып, тұрақты кәсіпке айналдырмақ.
Жанат Кәкімов Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің 1-курс студенті. Қалып жасап, мүсін құюды былтыр бастаған. Қазір өңірдегі 8 нысанның бедерін пластикке қашап, балаларға таратып жүр.
Жанат Кәкімов, жас кәсіпкер:
- Қалыптарды қазір зауытта тапсырыспен жасатамын. Бір қалып 10 шақты мүсін ретінде қолдануға жарайды. Биыл грант алсам, арнайы құрылғы сатып алмақпын.
Жанаттың бүгінгі жұмысы отбасылық үлгідегі балалар ауылында өтті. Кәдесыйларды тәрбиеленушілермен бірге әзірледі.
Алина Лебедева, балалар ауылының тәрбиеленушісі:
- Маған мешіттің бедері салынған қалып тиді. Гипстен өз қолыммен жасаған алғашқы кәде сыйым. Маған ұнады. Кеуіп, дайын болғасын құрбыма сыйлаймын.
Жанат өңірлік кәсіпкерлер палатасы жанындағы жас кәсіпкерлер мектебінде дәрі салған. Биыл «Даму» қоры ұсынған бағдарламаға қатыспақ. Жобасының жолы болып, қолдау табатынын сенімді.
Сағындық СӘБИТҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы