«Әлеуметтік қамқорлық». Үкімет мүшелері Атырау тұрғындарымен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Әлеуметтік қамқорлық». Үкімет мүшелері Атырау тұрғындарымен кездесті

13.03.2019

Атырау облысында көпбалалы аналардың әлеуметтік мәселесі әлі күнге өзекті күйінде қалып тұр. Өңірдегі тұрмыс жағдайы төмен отбасылардың негізінен баспана алуы және жұмысқа орналасуы - күрделі проблема. Бүгін вице-премьер бастаған Үкімет өкілдері әлгіндей отбасылардың үйіне арнайы барып, мұң-мұқтажын тыңдап, мәселелеріне мән беріп, оны шешу жолдарын нұсқады.

Қазіргі таңда «Іскер ана» атты арнайы аймақтық жоба жүзеге асып жатқаны мәлім болды. Оның басты мақсаты - жергілікті жердегі жұмыссыз қыз-келіншектерді кәсіп негіздерін оқыту және қаржы көздеріне қол жеткізуіне ықпал ету. Сонымен қатар, Үкімет мүшелері үй-үйді аралау барысында «Әлеуметтік қамқорлық» шаралары туралы жан-жақты ақпарат беріп, атаулы әлеуметтік көмекті алудың тәртібін түсіндірді.

Ербол МӘНДІБЕК

Хабарламаларға жазылу