Көктемгі су тасқынына қарсы штаб жұмысын бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көктемгі су тасқынына қарсы штаб жұмысын бастады

13.03.2019

Ақтөбеде күн күрт жылынып, қар ери бастады. Сондықтан көктемгі су тасқынына қарсы штаб өз жұмысын жылдағы уақытынан ерте бастады. Қазір көшелер лай суға толып, халықты әбігерге түсіріп жатыр. Төтенше жағдайлар қызметі биыл ең алдымен арықтарды тазалауды қолға алған. Жұмыс әлі жалғасуда.

Ал, көшеге жиналған суды тазартуға жүздеген су сорғыш көлік жұмылдырылған. Қыс бойы қаладан 213 мың текше метр қар шығарылыпты. Мамандар тұрғындардан ауласындағы қарларды ертерек шығарып, қамдануды сұрайды. Егер халықты алаңдатқан мәселе көп болса, штаб күндіз-түні жұмыс істеуге әзір. Су тасқынына қарсы шараларға 206 миллион теңге бөлінген.

Бекболат Нұрашев, қалалық Төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы:

- Өткен жылмен салыстырғанда биыл нормадан төмен. Дегенмен, дайындық жұмыстарын әрі қарай жүргізе береміз. Себебі бәрі ауа райына байланысты. Егер тез қар ерісе, онда қиындық болуы мүмкін. Сол себепті қар шығару жұмыстарын қарқындатып жатырмыз.

Жақсыбек КЕМАЛ

Хабарламаларға жазылу