Шығыс Қазақстандағы ең ірі темір жол деполарының бірі қайта жөндеуден өтті. Аягөздегі «Қамқор Локоматив» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің цехтары толықтай жаңартылып, жаңа қондырғылар қойылған. Қазір депода кілең заманауи «Эволюшен» тепловоздары ғана жөнделеді. Тоғыз жолдың торабында орналасқан кәсіпорынның тынысы жайлы Ержан Жақып тарқатады.
Қайрат Қаржауов темір жол саласының маманы. 13 жыл бұрын бұл жерге қарапайым маман болып кірген. Қазір депо шебері. Астанада құрастырылатын «Эволюшен» тепловоздарын жөндеумен айналысады. Ол үшін, америкалық мамандардан арнай курстар өтіп, біліктілігін арттырған.
Қайрат Қаржауов, депо шебері:
Жаңадан компьютерленген тепловоз бұл. Адамға ыңғайлы. Қандай тетік жұмыс істемей қалды. Соның бәрі мониторға шығып тұрады. Содан біліп отырасың.
Бұл депосының негізі 1937 жылы қаланған. Паравоздарды жөндеуден бастаған көне өндіріс, бірнеше жаңару кезеңін бастан өткерді. Биыл мұндағы цехтар толықтай жаңартылып, қайта жөнделді. Қазір депо еліміздің әр түкпіріне қатынайтын тепловоздарды тек жаңа үлгілеріне сервистік қызмет көрсетеді.
Асхат Тілеубаев, депо директоры:
Америка мамандары да оқытты. Өзіміздің қазақ жігіттері де бар Америкаға барып оқып келген. Айына 30 тепловоз жөндейміз. Ұсақ-түйек сынып келетіндері бар. Енді соның бірне қарап отырамыз. Жалақылары да жаман емес.
Бүгінде 150 адам жұмыс істейтін кәсіпорында келесі жылы жұмысшы саны артпақ. Өйткені депо «Эволюшен» тепловоздардын күрделі жөндеуге көшкелі отыр.
Ержан ЖАҚЫП