«Өңірлік дамуды трансформациялау». Петропавлда осындай атаумен жергілікті атқарушы билік өкілдеріне арналған семинар басталды. Қала және аудан әкімдерінің кәсіби шеберліктерін арттырып, трансформациялық ойлау мәдениетін қалыптастыру керек, дейді мамандар.
Яғни, белгілі бір жоспардың, бағдарламаның орындалуын тек белгіленген межеде ғана емес, тоқсанға бөліп, бақылап отыру және оған жауапты адамдарды бекіту керек. Бұған тек мемлекеттік қызметшілер ғана емес, кәсіпкерлерді де тарту көзделген. Дамыған мемлекеттерде кеңінен қолданылатын тәжірибені іске асыру - ел экономикасын дамытудың басты факторы болмақ.
Арман Евниев, ҚР АШМ орынбасары:
Әр саланың өзінің дамыған елдері бар. Мысалы, аумақтық дамыту жүйесін, жолын іздейтін ідейтін болсақ, бізге сай келетін АҚШ, Австралия, Канада елдері. Территориясы үлкен, агроөнеркәсіп саласының жағдайы сәйкес келіп тұр.