Ауыл шаруашылығы саласы бойынша бiлiм алып жатқан студенттер бiрден жұмысқа орналасуға мүмкiндiк алды. Қарағанды облысында орналасқан қожалық университеттi ендi бiтiрген жас мамандарға қызығушылық бiлдiрiп отыр. 4-курс студенттерiне шаруашылықты таныстырып, кездесу ɵткiздi.
Нұрсұлтан - болашақ агроном. Алдағы жазда диплом алады. Бүгiн кɵзiмен кɵргендей кəсiпорында қызмет ету арманы. Сондықтан да жасалып отырған мүмкiндiктi қалт жiбермек емес.
Нұрсұлтан Мәді, студент:
- Келешектегі арманым - өзімнің шаруашылығымды ашу. Ойым сол. Тәжірибе жинап, келешекте шаруашылықта жұмыс істемекпін.
Кəсiпорын қазiр бидай жəне картоп шаруашылығымен айналысады. Соңғы жəне озық технологиямен жабдықталған. Ɵнiмдерiне сұраныс жоғары.
Оңғар Алпысбайұлы, тiлшi:
- Бұл қапқа түсіп жатқан сұрыпталып, сүзгіден өткен картоптар. Барлығының сапасы өте жақсы. Ертең бұлар Астанадағы және Қазақстанның өзге өңірлеріндегі үлкен сауда орындарына арзан бағамен жіберіледі.
Кəсiпорын мамандары əр студентпен жеке-жеке тiлдестi. Кɵңiлдерiнен шығып жатса, жазда жұмысқа алуға дайын.
Георгий Прокоп, кәсіпорын жетекшісі:
- Жұмысқа келген жастардың барлығына пәтер береміз. 2 миллион теңгеге алғашқы көмек көрсетеміз. Жалғыз шартымыз - жастар біздің кәсіпорында кемінде 5 жыл жұмыс істеуі керек. Осылайша келер буынды жұмыспен қамти отырып, өзімізге жақсы мамандар тәрбиелеп алмақпыз.
Былтыр аграрлық университеттi бiтiрген түлектердiң 80 пайызы жұмыспен қамтылған. Биыл кɵрсеткiштi одан əрi жақсарту кɵзделiп отыр. Осылайша Елбасы жүктеген тапсырмалар рет-ретімен жүзеге асырылмақ.
Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ