Елорданы газдандыру жобасы үш кезеңге жоспарланған. Ең алдымен көгілдір отын 3 Жылу электр орталығына, сондай-ақ Көктал-1, Көктал-2 және Оңтүстік-шығыс шағын аудандарына жеткізілмек.
Жобаның екінші кезеңінде қаладағы 4 тұрғын алабы газдандырылады. Оның ішінде Тельман, Қала маңы шағын ауданы және Family Village бар. Соңғысында көгілдір отын Ильинка кентіне және Шұбар шағын ауданына тартылады.
Сондай-ақ, орталықтандырылған газға жаңадан салынатын көпқабатты үйлер де біртіндеп қосылып отырмақ. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының жалпы сомасы 52 млрд теңгені құрап отыр.
Айта өтейік, бүгінде Астанада 22 мыңнан аса жер үй бар. Олар табиғи газбен 2023 жылға қарай толығымен қамтылады деген жоспар бар.
Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:
- Жыл соңына дейін газдандыру деңгейі 50,5 пайызға жетеді деген жоспар бар. Былтыр жыл соңында «Сарыарқа» магистарльді газқұбырының құрылысы басталды. Жоба аяқталысымен 2020 жылға қарай Астана мен Ақмола және Қарағанды облыстарының халқы көгілдір отынға қол жеткізбек. Шамамен 142 мың тұрғын.
Армангүл ТОҚТАМҰРАТҚЫЗЫ