Мәселен, Ақтөбе облысындағы Бестамақ елді мекенінде 20 отбасы қолдау көріп келсе, енді олардың саны тағы 50-ге артады. Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының депутаттарымен тұрғындардың кездесуінде белгілі болды. Халық қалаулылары Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Nur Otan» партиясының XVIII съезіндегі тапсырмаларын түсіндіріп берді. Қазір Бестамақ ауылдық окруігінде 4 мыңға жуық тұрғын бар. Көпбалалы отбасылар саны - 72. Атаулы әлеуметтік көмек алу үшін тағы 50 адам өтініш берген.
Ал, Солтүстік Қазақстанға аттанған сенаторлар халықпен кездесіп, ақ жаулықты аналарды мерекесімен құттықтады. Жағымды жаңалықтармен бөлісті. Петропавлда 341 көпбалалы отбасы пәтер кезегінде тұрса, соның тең жартысы биыл баспаналы болады. Облыста 3225 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алады, бұл мақсатқа ел қазынасынан 1,7 миллиард теңге бөлініп отыр. Бұған қоса теріскейдегі мүгедек бала бағып отырған 2 мың отбасына берілетін жәрдемақы 30 пайызға өседі. Сенаторлар Ерік Сұлтанов пен Ольга Перепечина мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған көмекті алу жолдарын түсіндірді.