«Наурыз Challenge» акциясы аясында әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға тегін азық-түлік таратылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Наурыз Challenge» акциясы аясында әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға тегін азық-түлік таратылды

07.03.2019

«Nur Otan» партиясының «Наурыз Challenge» акциясы Жамбыл облысында жалғасын тапты. Жамбыл ауданындағы бас партия белсенділерінің бастамасымен аз қамтылған отбасыларға азық-түлік таратылды. Аудан кәсіпкерлерінің атсалысуымен «нұротандықтар» Аса ауылындағы аз қамтылған әрі көпбалалы 30 үйге барды. Оларға 600 мың теңгелік әлеуметтік пакет үлестірілді. Оның ішінде ұн, қант секілді аса қажетті азық түрлері бар.

Бұдан бөлек, алдағы уақытта бизнес адамдары билікпен бірлесіп тұрмысы төмен отбасылардың коммуналдық төлемдерін төлеп бермек. Киім-кешек жеткізіп, қаржылай сыйлықпен қамту да жоспарда бар. Жуырда партияның араласуымен Қордай ауданындағы кәсіпкер азамат үш отбасына үш пәтердің кілтін табыстады.

Рүстем Бегалиев, «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық саяси кеңесінің мүшесі:

- Әр отбасына 20 мың теңге көлемінде бір қап ұн, бір қап шекер берілді, майы, 10 келі картобы және де басқа да азық-түлікпен қамтамасыз етілген. Аудандардағы кәсіпкерлердің бәрін осындай акцияға атсалысуға шақырамын.

Сәбит ӘЛДЕБАЙ

Хабарламаларға жазылу