Ішкі істер министрлігінде Халықаралық әйелдер күніне арналған шара өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ішкі істер министрлігінде Халықаралық әйелдер күніне арналған шара өтті

07.03.2019

Ерлан Тұрғымбаев бірқатар әйел басшыны және қызметтік борышын өтеу кезінде қаза болған полиция қызметкерлерінің жұбайларын марапаттады. Министр әйел әріптестердің ауыр міндеттерді отбасы қамқорлығы, бала тәрбиесімен қатар алып жүргеніне алғысын білдірді. Ведомство басшысының бұйрығымен, осы мерекеде Ішкі істер органдарының 470 қызметкері награда және грамоталармен марапатталды.

Бүгінде Ішкі істер органында 11 мыңнан астам әйел, оның ішінде 800 нәзік жанды басшылық лауазымда еңбек етеді. Олар қылмысты ашу, қоғамдық тәртіпті түзеу сынды маңызды міндеттерді атқарады.

Ерлан Тұрғымбаев, ҚР Ішкі істер министрі:

- Біздің қатарымызда қайсар қыздар көп. Олар бір қолына қару ұстаса, екінші қолымен бесік тербетеді. Сондықтан осындай апа-қарындастарды төбемізге көтеріп, құрметтеу - бәріміздің парызымыз.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу