Еліміздегі ең ірі әскери құрылымдардың бірі - Ұлттық Ұланның сапында 2 мыңнан астам қыз-келіншек қызмет етеді. Ерлермен бірге ел тыныштығы жолында еңбек етіп жатқан арулардың арасында офицерлер де жетерлік. 500-ден астамы - көпбалалы ана. Бүгін Ұлан Бас қол басшылығының жеке құрамы 8 наурыз мерекесі қарсаңында өздерімен бірге сап түзеген сұлуларға құрмет көрсетіп, қызметтік марапаттар табыстады.
Сонымен қатар, «Ұлан ару-2019» фотобайқауының жеңімпаздары анықталды. Басшылардың айтуынша, осы уақытқа дейін 300-ден астам әйел қызметкерге баспана берілген, биыл тағы 100 пәтер тапсырылады деп күтілуде. Бұл қуанышты жаңалықты генерал-майор Мұхаметқали Сатов мәлімдеді.
Мұхаметқали Сатов, ҚР Ұлттық Ұланы бас қолбасшысының орынбасары:
- Әскери қызметшілерге пәтер жалдауына қаржы беріледі. Біз ол ақшаны «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне» есепшот ашып, жіберіп тұрамыз.
Ербол МӘНДІБЕК