Бүгін – Алғыс айту күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін – Алғыс айту күні

01.03.2019

Шексіз алғыс, риясыз көңіл, шын пейіл. Бүгін – Алғыс айту күні. Сұрқия саясаттың кесірінен бір түнде отбасы ойрандалған көп ұлысты кеңпейіл қазақ сандалтпады. Өзіне жетпей жатса да, өзегінен теппеді. Бауырына басты, барымен бөлісті. Ұлан-ғайыр даладан ондаған ұлыс өкілдері отауын тігіп, Отанын тапты.

Қазір бір-біріне деген сыйластық пен сенім мықты. Сондықтан Президент 2016 жылы 1 наурызды Алғыс айту күні етіп белгіледі. Содан бері еліміздегі көп ұлыс бір-біріне ілтипат білдіріп, ынтымақты нығайта түсті. Көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, кішіпейіл бола білді. Бүгінде толайым тағдыры қазақпен тығыз байланысқан өзге этнос өкілдері үшін Қазақстан туған жерден де артық. Оған – қоғамдық келісімнің, ынтымақ пен бірлік, татулық пен тұрақтылықтың ықпал еткені анық. Мемлекет басшысы айтқандай, барын бағалап, сый-қадірін білген елдің келешегі кемел болмақ.

 Анна Жанахметова, мұғалім:

- Қазақ деген ұлы елге алғыс айтамын! Қазақ болмаса, бүгін біз болмас едік. Мен өзім неміс ұлты болсам да, жүрегім қазақ. Қазақ отбасының келінімін.

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу