«Жақсылық керуені» байқауының жеңімпаздары марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жақсылық керуені» байқауының жеңімпаздары марапатталды

26.02.2019

10 жастағы Ұлдана Совет осыдан 2 жыл бұрын 8 жасында жанып жатқан үйден кіші інісі мен екі сіңлісін алып шыққан. Бүгін ол «Батыл жүрек» номинациясын қанжығалады.

Ұлдана Совет, «Батыл жүрек» номинациясының иегері:

- Бірінші інімді, сосын сіңлілерімді алып шықтым. Ең кішкентай сіңлімді көп іздеп қалдым. Ол диванның артына тығылып қалыпты. Мен оны алып шыққанда, шатыр құлады.

Бұдан бөлек, «Асар», «Туған жер», «Мейірім жолында» және «Қайырымдылық тарихы» номинациялары өз иелерін тапты. Осылайша «Қайырымдылық керуені» елдегі жаны жайсаң, жүрегі жылы жандарды айқындау арқылы әрдайым игі іс жасауды үлгі етіп берді. Жыл сайын өткізілетін байқаудың діттегені де - осы. Айта кетейік, конкурсқа 100-ге жуық өтініш келіп түскен. Қатысушылардың барлығы – әлеуметтік, қоғамдық проблемалардың шешілуіне үлес қосып және қайырымдылықпен айналысып жүрген қарапайым азаматтар. 

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу