Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі

22.02.2019

Дұрыс әрі қауіпсіз тамақтану мәдениетін қалыптастыратын кез келді. Астанада Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері бірлесіп, Астанада осы көкейкесті мәселені қаузады. Жүрдім-бардым және шектен тыс ас ішу ең алдымен ағзаға зиян. Семіздікке әкеледі, айықпас түрлі дертті тудырады. Әсіресе, ащы немесе тәтті тағамдарды шектен тыс тұтынудың кесірі көп.

Осы ретте шетелдік мамандар, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі және қоғамдық денсаулық сақтау салаларына ғылыми зерттеу жүргізуді, сондай-ақ, тұздың мөлшерін айқындап, тұтыну қаптамасындағы таңбалауға тамақ өнімдерінің ерекше белгілерін енгізуді ұсынып отыр. Бұл іс-шаралар Қазақстанда дұрыс және қауіпсіз тамақтану саясатын қалыптастыруға мүмкіндік бермек.

Жоао Бреда, ИЕА жөніндегі Мәскеу кеңсесінің басшысы:

- Біріншіден, тұздың мөлшерін 5 грамға дейін азайту керек. 5 грамм дегеніңіз жарты қасыққа жетер-жетпес. Үйде тұзды мүмкінідігінше пайдаланбаған абзал. Екіншіден, жеміс-жидектер мен көкөністерді жиі тұтынуды арттыру қажет. Яғни, күні бойы жеміс-жидектер мен көкөністерден тұратын 5 тағам жеу – өте маңызды. Үшіншіден, қант тұтынуды қысқарту, газдалған және тәтті сусындар өндірісінде қант аз қосу.

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу