Төтенше жағдайлар қызметкерлері өрт қауіпсіздігі шараларын түсіндіру мақсатында жеке тұрғын үй секторларын аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Соңғы 2 аптада 14 мыңнан астам адам 262 мың үйге барған. Рейд кезінде республика бойынша 138 мың өрт қауіпсіздігі талабын бұзу дерегі анықталған.
Халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын үйлерде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмек беру үшін жергілікті атқарушы органдар хабардар етілді. Сондай-ақ, 31 мың үйдің иесі тексеру жүргізуден бас тартқан.
Владимир Беккер, ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы:
- Тұрғын үйлер жекеменшік иелікте болғандықтан, біз өз еркімізбен кіріп, тексере алмаймыз. Дегенмен, тұрғындардың қауіпсіздігі өздері үшін маңызды болуы керек қой. Біз талаптар бұзылса, қауіпті жерлері болса, жөндеп, өрттің алдын алуға кеңес береміз. Оларға айыппұл жазып жатқан жоқпыз. Егер сол үйлерде болашақта от шығып, өртеніп кететін болса, кейін көмек берілген кезде бізді тексеруге кіргізбегенін ескеру керек деп ойлаймын.
Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.