Бес жүзден астам елді мекенді су басу қаупі бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бес жүзден астам елді мекенді су басу қаупі бар

18.02.2019

Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер осылай деді. Солтүстіктегі 5 облыс, оңтүстікте Қызылорда мен Алматы, Шығыс Қазақстан мен Ақтөбе облыстарына қарасты елді мекендерде ылғал мөлшерден көп деп танылған. Қазір мамандар табиғи апатты болдырмау шараларын жүргізіп жатыр. Келер аптада республикадағы барлық құтқарушылар «Көктем-2019» жаттығуына қатысады. Тұрғындармен де түсіндіру жұмыстары өткізілмек.

Владимир Беккер, ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы:

- Су басу қаупі бар аймақтар туралы дөп басып айтуға әлі ертерек. «Қазгидромет» бізге 1 наурызға дейінгі болжамды берді. Келер айда түсетін ылғал мөлшері мен ауа температурасын анықтағаннан кейін нақты шешімдер қабылдап, жұмыстарды бастаймыз. Су қоймаларындағы жағдайларды реттейміз. Қауіп жоқ деп, арқаны кеңге салуға болмайды.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу