Павлодарда көпбалалы аналарға көмек көрсетіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда көпбалалы аналарға көмек көрсетіледі

15.02.2019

Павлодар облысындағы көпбалалы отбасыларға енді депутаттар мен кәсіпкерлер, шаруа қожалықтары көмектеседі. Өңірде 8,5 мыңнан аса көпбалалы жанұя бар. 50 пайызға жуығы төрт және одан да көп бала тәрбиелеп отыр.

Облыс әкімімен кездесуге 300-ге тарта әйел келді. Олар жәрдемақы көлемін арттыру, тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, қоғамдық көлікте жолақыны арзандату сынды өтініштерін айтты. Көпшілігі баспана сұрады.

Айгүл Самархан, батыр ана:

- Көпбалалы аналар алға қарай жүруі керек, біз керісінше артқа жүреміз. Балаларды үйге тастап, құжат толтырумен жүресің. Ол да уақытында біте қоймайды.

Болат Бақауов, облыс әкімі:

- «Нұр Отан» алаңында күнде осындай кездесу болады. Біздің мамандар кездеседі. Қала әкімімен жеке кездесесіздер. Әр отбасында, кімде қандай қиыншылық бар, біз оны реттейміз. Әр отбасының әлеуметтік төлқұжатын жасаймыз. 

Болат АМАНБАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу