Өңірде қардың орташа қалыңдығы 19-20 сантиметр. Бүгінде Нұра және Шерубай-Нұра өзендеріндегі су қоры өлшенген. Нұраның кей аумағында ылғалдылық мөлшері белгіленген межеден 55 пайызға жоғары екені анықталған.
Жалпы, 2015 жылдан бастап облыста жалпы ұзындығы 180 шақырымдай бөгеттер салынып, өзен арналарының су жайылуы мүмкін 46 шақырым жағалауы нығайтылған. Соның нәтижесінде 141 елді мекен мұндай қауіптен сейілді. Биыл апаттың алдын алу үшін бюджеттен 1 миллиард 900 миллион теңге қарастырылған. Құтқару және басқа да кезек күттірмейтін шаралар үшін күштік құрылымдар мен жергілікті билік тарапынан 7 мың адам жасақталып, 2665 бірлік техника әзірленген. Синоптиктердің болжауынша, ақпанның екінші жартысында облыс аумағында ауа райы жылына бастайды.
Мұрат Қатпанов, облыстық ТЖД басшысының орынбасары:
- Бүкіл ең маңызды, қауіпті деген жерлерде инженерлік жұмыстар бұрынғы жылдары жасалған болатын. Ал, мына 33 елді мекен ең аса қауіпті мекендер емес. Оның басындағы инженерлік жұмыстар 2019-2020 жылдарға жоспарланған.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.