Павлодарлық қариялар енді спортпен шұғылданып, шет тілдерін үйреніп, бимен айналыса алады. Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының Достық үйінде «Белсенді өмір» орталығы ашылды.
Соңғы жылдары өңір тұрғындарының өмір сүру жасы 7 жылға ұзарған. Егде адамдардың дені еңсесін түсірмей, белсенді өмір бастауға әзір. Бұл жерде 10-ға жуық үйірмелер жұмыс істейтін болады. Бұл жерде кәсіп үйренуге болады. Мәселен, компьютер сыныбында аудармашыларды оқытса, Қазақстан қолөнершілер одағының жергілікті филиалы ісмерлер мен шеберлерді дайындайды.
Еркін Баяндин, еңбек ардагері:
- Психологтар бар екен. Олармен әңгімелесіп, көңіліміз жай тауып, өте жақсы жағдайда отырмыз.
Болат АМАНБАЕВ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.