Басты Жаңалықтар Сенат депутаттары: «Ғылыми қордың» жұмысы жемісті

Сенат депутаттары: «Ғылыми қордың» жұмысы жемісті

«Ғылыми қордың» жұмысы жемісті. Бүгін қорға арнайы барған Сенат депутаттары, осындай пікір білдірді. Отырыста қордың өткені екшелді. Яғни, мемлекет тарапынан бөлініп жатқан қыруар қаражаттың қалай игеріліп жатқаны сөз болды. Қор осы уақытқа дейін бірнеше байқау өткізіпті.

100-ден аса жобаға қолдау көрсеткен. Қазір, солардың басым бөлігі – қолданысқа еніп, ел игілігіне қызмет етуде. Қорды құрудағы мақсат та осы болатын: басымдылықты, тәуекелді, бастамашыл зерттеулерге көңіл бөліп, тәжірибелік-құрастырмалық жұмыстарды дамыту.  Ал, ғылыми жаңалықтар ел экономикасына үлес қосуы тиіс.

Асқар Бейсенбаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Прабиотиктер шығарып жатыр. Ол ұлтымызға жақын қымыздан, сүттен адам ағзасына пайдалы, иммунитетті көтеретін дүние шығарып отыр. Бұл – ғылым мен мемлекеттің және бизнестің қарым-қатынасын білдіреді. Мемлекет тарапынан қаржы бөлінеді, ғылым тарапынан жаңа ой ұсынылады, ал, бизнес жұмыс істеп өз үлесін қосады ақшалай.

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу