Енді уақытша баспанада тұруға рұқсат берілмеуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Енді уақытша баспанада тұруға рұқсат берілмеуі мүмкін

13.02.2019

Бұл туралы Үкіметте өткен брифингте ҚР Ішкі істер вице-министрі Юрий Ильин мәлімдеді. Айтуынша, жылжымалы мүлікті өз еркімен тіркеуге мүмкіндік беру өрт қауіпсіздігі талаптарына сай келмейтін шағын баспаналардың жаппай салынуына жағдай жасап отыр.

Қазір жұмысына атүсті қарайтын құрылыс компаниялары бар. Олар өздеріне тиесілі жерде уақытша баспана салады да, оны тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға жалға беріп қояды. Ал, төтенше жағдайлар шыға қалғанда көбі басын алып қашады. Осы ретте өрт қауіпсіздігіне екі жақ та жауапты болуы шарт.

Юрий Ильин, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары:

- Бұл жерде екі жақтан да жауапкершілік болу керек. Яғни, уақытша баспана салатындар мен оны өрт қауіпсіздігін сақтамай жалға беретіндер. Өрт шыққан кезде қылмыстық жауапкершілік көзделеді. Осы орайда Үкіметке уақытша баспананы пайдаланбау туралы ұсынысты енгізетін боламыз. Алдымен біз республикадағы жағдайға талдау жүргіземіз.

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу