Жамбыл облысында бизнесті қорғауға бағытталған бірегей жоба жемісін берді
Кәсіпкерлердің алдын кес-кестеген кедергілерді парасыз шешіп, олардың 267 миллиард теңгесін жемқорлардың жемсауынан аман алып қалды.
Ақпараттық дүңгіршектер мен төлем терминалдары. Индира Сатыбалдиева басқаратын компания осындай техникаларды шығарады. Әкімшілік кедергілердің кесірінен оларды орнататын орын таппай, сабылған кездері аз емес.
Индира Сатыбалдиева, компания директоры:
- Өтініш жаздық, бізге жер беруді сұрадық. Сәулет және қала құрылысы бөлімінің қызметкерлері бізге себепсіз жер беруден бас тартты. Сосын департаменке жаздық.
Сәбит Әлдебай, тілші:
- Мәселен, төлем терминалдары бұған дейін тиісті орнын таппай кәсіпорында шаң басып тұрған болатын. Департамент мамандараның араласуымен жер телімдері беріліп, осында қойылды. Алдағы уақытта қала көшелерінде осындай төлем терминалдары мен ақпараттық дүңгіршектер 10 жерден орнатылмақ.
Инвесторлар мен кәсіпкерлерді сыбайлас жемқорлықтан қорғау үшін Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінінің аймақтағы департамент мамандарымен келісімшартқа қол қою жеткілікті.
Дәурен Омаров, Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы:
- Осы уақытқа дейін жер мәселесі, денсалық сақтау саласы, архитектура саласында қолдау көрсеткен мәселелер болды.
Бұған дейін департамент мамандарымен 10 ірі келісімшарт жасалған. Бұл құжат кәсіпкерлерді мемлекеттік органдар мен ұйымдардың негізсіз құқайынан қорғайтын болады.
Сәбит ӘЛДЕБАЙ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы