Павлодарда медициналық анықтама сатқандар жазаланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда медициналық анықтама сатқандар жазаланды

12.02.2019

Олар еңбекке уақытша жарамсыздық немесе №086 үлгісіндегі денсаулық парағын ғаламтор арқылы саудалап келген. Аймақтағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ведомствосының қызметкерлері №5 қалалық емхана дәрігерін бұлтартпас айғақтармен ұстады. Ал, №4 емхана медбикесі ғаламторға жарнама беріп, клиенттерді жекеменшік клиникаға жіберіп отырғанын анықтады. Қазір сот алды тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Шамшырақ Абаева, №4 қалалық емхананың бас маманы:

- Осындай келеңсіз жағдай біздің емханада орын алды. Енді өзгелерге сабақ болсын деп біз сол медбикемізді жұмыстан шығардық. Бұдан әрі осындай келеңсіз жағдай болмайды деген сенімдеміз.

Болат АМАНБАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу